Әлем чемпионатында батутта секіруден Қазақстан 2 алтын жеңіп алды
Қазақстандық гимнасттар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында батутта секіру бойынша екі алтын медаль иеленді.
Жекелей сында 59,240 ұпай жинаған Данил Мұсабаев үздік атанды. Сондай-ақ, ол Пирмаммад Алиевпен бірге синхронды секіруде өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
Бакуде батутта секіру бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының атынан Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков те қатысты.