Еліміздің бірқатар өңірінде жел күйшейіп, бұрқасын болады
«Қазгидроммет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, ақпанның 20-сында республиканың басым бөлігінде қар жауады, жел күшейеді және боран болады,- деп хабарлайды.
Ақпанның 20-сы скандинавиялық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде боран соғып, қар жауады, батыста және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжауынша, республика аумағында көктайғақ, желдің күшеюі, тұман күтіледі.
Астанада боран соғып, көктайғақ болады. Таңертең және түстен кейін жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтілуде. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысы мен Қызылордада да тұман, көктайғақ күтілуде.