Ағылшындар қазақша үйреніп жүр

  Лондонда ағылшындар қазақша үйреніп жатыр.

  Олардың ана тілімізге деген махабатын әнші Димаш Құдайберген оятқан. Сәлемдесуден бастап, қоштасуға дейін, тіпті,  қазақ тілінде ән айтуды да біледі.

   21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні қарсаңында Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен әсерлі кеш өтті.

  Оған «Димаш Құдайберген. Ұлыбритания және дүниежүзі» фан-клубының белсенді мүшелері қатысты. Барлығын дала даусымен дүниені дүр сілкіндірген дүлдүл әншіміздің өнеріне деген махаббат біріктіреді. Араларында Қазақстанға саяхаттағандар көп. Бай мәдениетімізден, салт-дәстүрлерімізден және ұлттық тағамдарымыздан да жақсы хабардар.

  «Мен негізі бала күтімі бойынша колледж студенттеріне лекция оқимын. Фан-клубымызды 2022 жылдың тамызында аштық, бар болғаны 6 ай өтті. Күні кеше 1 000-шы мүшеміз қатарымызға қосылып, қатты қуандық»,- дейді фан-клуб төрайымы Джилл Бичем.

 

https://www.youtube.com/watch?v=5WCPxRhtTrw 

  Халықаралық ана тілі күні қарсаңында өткен кеште түрлі ұлт өкілдері өз тілдерінде өлең оқыды.

  Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің бес жылға жуық уақыт бұрын Лондонда концерт бергені белгілі. Жанкүйерлері сүйікті әншісін Ұлыбританияға тағы шақырды.