Беларусьта онкологиялық ауруларды емдеудің бірегей әдісі жасалуда
Беларусьта қатерлі ісік ауруын емдеудің бірегей әдісін жасау үшін көптеген жұмыс істелінуде.
Бірнеше жыл бұрын Беларусь пен АҚШ онкологтарының бірлескен обыр ауруына қарсы ДНҚ вакцинасы туралы жаңалық бүкіл әлемдік ғылыми қауымдастықты дүр сілкіндірді. Алдымен зерттеулер америкалық препаратты қолдана отырып жүргізілді, кейін Беларусь ғалымдары зертханаларында осындай препаратты жасады. Нәтижесі жаман емес.
Дәрігерлер зерттеу барысында шамамен бір жарым ай вакцинаны пайдалануды тоқтатуға тура келді. Осы уақыт ішінде "Аркаген" препаратынсыз химиотерапияны жалғастырған пациенттердің халы нашарлап, кейін Беларусь зертханасынан шыққан ДНҚ вакцинасы пайдаланылғаннан кейін ісік өсуін тоқтатты.
Зерттеу үшін екі топ алынды. Бірінші топтағы әйелдер стандартты химиотерапия алса, ал екінші топ "Аркаген" вакцинасымен ем қабылдады.
Вакцина - бұл препараттың шартты атауы. Бұл шын мәнінде плазмида – р62 генін кодтайтын супер спиральданған сақиналы ДНҚ молекуласы. Онкологтар пациенттер мен журналистерге ыңғайлы болу үшін "Аркаген" деп деп атайды.
Қазір ғалымдар қатерлі ісікке қарсы вакциналардың "рецебін" іздеуде. Беларусьтық-америкалық жобаның кем дегенде бір ісік түрінен жақсы нәтижелері бар.