Жапонияда туристерге ұшатын шар таныстырылды

  Жапониялық компания коммерциялық әуе шарларын ұшыру жоспарын жариялады.  

  Жоба авторы Кейсуке Ивая жолаушыларға миллиардер болудың, қарқынды дайындықтан өтудің немесе зымыранмен ұшуға қажетті тілді меңгерудің қажеті жоқ екенін айтты.

  "Бұл адамдар үшін үнемді және қауіпсіз. Идея - ғарыш туризмін барлығына қолжетімді ету", - деді Ивая журналистерге.

  Әуе шары 25 шақырым  биіктікке көтерілуге қабілетті.  Жолаушылар ғарышта болмағанымен, әуе шары стратосфераның ортасына дейін көтеріледі. Осы жерден ғарыш кеңістігінің көрінісі ашылады.

  Бастапқыда ұшу құны шамамен 24 миллион иенді (шамамен 80 миллион теңге) құрайды, бірақ Ивая бағаны бірнеше миллион иенге дейін төмендетеміз деп отыр.  Кәсіпкер жапониялық ғарыш кәсіпорындары америкалық компаниялардан артта қалғанын мойындайды, бірақ оның мақсаты - ғарышты қолжетімді ету.

  Ғарыштық серуенге өтінімдерді қабылдау тамыздың соңына дейін жалғасады.