Депутаттық сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдер түрлі түсті болады
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньдер түрлі түсті болады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, -деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
ОСК басшысы әр бюллетеннің түсі болатынын айтып өтті.
«Дауыс берушілер мен комиссиядағы бюллетень берушілер шатаспас үшін және дауыстарды санау кезінде ыңғайлы болуы үшін қабылданған шешім» ,-деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.
Оның айтуынша, бюллетеньдердің өлшемі А4 форматынан А5 форматына өзгереді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров есептен шығару куәліктерінің де түсі әртүрлі болатынын айтты.
«Есептен шығару куәліктерінің түсі бес түрлі болады. Мұндай шара әкімшілікке сайлаудың адал өтуіне мүмкіндкі береді» ,-деп Константин Петров тілге тиек етті.
Бұған дейін сайлаушылар тізіміне 12 миллион 32 мың 550 адамның қосылғаны мәлім болды.
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.