Елордаға АҚШ мемлекетінің хатшысы Энтони Блинкен келді
Астанада Премьер-Министрдің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.
Ақпанның 28-і түнде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді. Оның қатысуымен елордада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының С5 + 1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.
Кездесуде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және терроризмге қарсы күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастығы мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі Блинкиннің алғашқы сапары.