Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

  Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады. 

  Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Комитет Оманның авиациялық билігімен бірлесіп, Оманның лоукост-Salam Air авиакомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін талқылады.

  Salam Air 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А320nео және А321nео үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді жоспарлап отыр.

  Salam Air - Маскатта (Оман) орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Авиакомпания өз жұмысын 2016 жылы бастады.

  Лоукостер әлемнің 20 еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды. Авиакомпания паркінде Airbus A320neo, A321neo сияқты 11 әуе кемесі бар.