Дауға айналған жапсыра салынған үйдің мәселесі шешілді

  Риддер қаласында «Шаңырақ» мектеп гимназиясына жапсарлай салынған апатты ғимараттың мәселесі шешілді.

  Естеріңізге сала кетейік, ғимарат балаларға ешқандай қауіп төндірмесе де, бұл жөнінде әлеуметтік желілерде көптеген келеңсіз пікірлер жазылған болатын.

  Облыстық білім беру басқармасының басшысы Инесса Чернышёваның айтуынша, «Шаңырақты» өңірдегі барлық мектептер сияқты, әр оқу жылының басында комиссия тексереді, оның құрамына тек жергілікті білім бөлімінің мамандары емес төтенше жағдайлар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері де кіреді. Гимназия барлық рұқсат құжаттарын алғандықтан, ғимараттың апаттық жағдайы жайлы мәселе көтерілмейді.

  Жапсарлай салынған ғимарат 2022 жылдың мамыр айында апатты, - деп табылғандығын атап өтті Инесса Чернышёва. Бірақ оның оқу процесіне ешқандай қатысы болмаған, оқшауланған, балалалар онда ештеңемен айналыспаған, ғимаратқа кіруге де мүмкін болмаған. Сондықтан ол оқушыларға ешқандай қауіп төндірмеген. Бұл жөнінде көп әңгіме болды, бірақ қазір бізде техникалық қорытынды бар, оны бұзып тастамаймыз. Ол көктемгі каникул кезінде жүзеге асырылады.

                               WhatsApp Image 2023 02 28 at 162132                   WhatsApp Image 2023 02 28 at 162133

  «Шаңырақ» мектеп гимназиясы бір ауысымда білім беретін, материалдық-техникалық жабдықталуы жақсы мекеме, онда заманауи химия, физика, робототехника кабинеттері бар. Ата-аналар, балалар және педагогтардың бұл білім беру орнына ешқандай шағымдары жоқ.

- Бұл жерде оқу бізге ұнайды, - дейді жетінші сынып оқушысы Әсем. Мен әрдайым мектепке барғым келіп тұрады. Біз жапсарлай салынған ғимаратта ештеңемен айналыспадық, мектепте спорт залы бар, дене шынықтыру сабақтары мен жарыстар сонда өткізіледі.

                      WhatsApp Image 2023 02 28 at 162133 1          WhatsApp Image 2023 02 28 at 162133 2

  Спорт зал жайлы айтар болсақ, биыл, жыл сайынғы ағымдағы жөндеу жұмыстарының аясында, оны ретке келтіру үшін 60 миллион теңге бөлінді. Құрылысшылардың айтуынша, мұнда еден, шыныпакет, батареялар толық жаңартылады және еденге арнайы жабын төселіп, қажетті құрал-жабдықтар орнатылады.

  2023 жылы Риддерде тағы екі мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Білім беру мекемесінің біреуі 600 орындық, ол «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында салынып, аралас мектеп болады. Екіншісі 300 орындық, онда білім ана тілінде беріледі, мектеп өңір басшысы Даниал Ахметовтың тапсырысы бойынша салынады.

  Риддердің бас жоспарына сәйкес, 300 орындық мектептің орны анықталды, - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой. Мұнда барлық қажетті инженерлік коммуникациялар бар. Білім беру мекемесі жетінші ауданда орналасады. Қазіргі кезде жер телімі рәсімделді, біз қажетті процедураларды жүргізу үшін барлық құжаттарды облыстық құрылыс басқармасына жібердік.

                   WhatsApp Image 2023 02 28 at 162133 3              WhatsApp Image 2023 02 28 at 162134

  Естеріңізге сала кетейік, былтыр өңір басшысының бастамасымен Риддерде 600 орындық аралас мектеп ашылды. Бір қала тұрғыны Риддерде мектеп 1974 жылдан бері салынбағандығын айтады.

- Балаларымыз жайлы, заманауи жабдықталған жаңа ғимаратта білім алатындығына қуаныштымыз. Қала үшін мұның маңызы зор. Риддер өсіп келеді, жаңа тұрғындар қоныс аударуда, сондықтан бұл қала және өңір экономикасына да оң әсер етеді.