Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алғыс айту күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды QLIFE.KZ. Ел басшысы құттықтау сөзінде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптелетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін еске алды. Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсету қажеттігін атап өткен болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Алғыс айту күні 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясысында ұсынылып, жыл сайын көктемнің алғашқы күні тойланады. Қазақстандықтар үшін ерекше мағынаға ие мерекенің маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Бұл күні халық туыстарына, жолдастарына, әріптестері мен көмек қолын созған барша жандарға алғыс айтады. Еліміздің батыс өңірі бұл күні мерекелік дастархан жайып, жақындарына сыйлық сыйлап, жақындарының жанында болады.