Блинкен Астанаға ресми сапармен келді

  АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Э.Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді.

  Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Президент  америкалық дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық байланыс орнаған уақыттан бері екіжақты және көпжақты форматта өзара тиімді іс-әрекеттер жолға қойылғанын атап өтті.

 БЛИНКЕН В КАЗАХСТАНЕ 1

– Сіздің сапарыңыз стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қауіпсіздік, энергетика, сауда және инвестиция секілді маңызды стратегиялық салалардағы сенімді әрі ұзақмерзімді серіктестік қатынастарымыз өте жақсы. Сондықтан біз бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайынбыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Құрама Штаттардың тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді тұрақты түрде берік қолдап келе жатқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді, – деді мемлекет басшысы.

БЛИНКЕН В КАЗАХСТАНЕ 2  Сонымен қатар Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстанға сапары барысында Э.Блинкен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде де болған. Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева қарсы алып, қазақ музыкасына қызығушылық танытқаны және іс-сапар кезінде қарбалас жоспарға қарамастан, университетке уақыт тауып келгені үшін алғыс айтқан. Өз кезегінде мемлекеттік хатшы қазақ халқының мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы біліп, олардың ерекше үнін тыңдаған.

  АҚШ президенті Джо Байденнен кейінгі ең жоғары лауазымды өкілі Э.Блинкеннің Астанаға келуінің басты себебі - Орталық Азия елдерінің дипломатиялық саммиті – С5+1 жиынына қатысу. Кездесуге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғызстанның сыртқы істер министрлері жиналды. Келесі кездесуге журналистер жіберілмеді.

  Естеріңізге сала кетейік, С5+1 саммиті 2015 жылдан бері өтікізіледі. Э.Блинкеннің сөзінше, бұл саммит Ортақ мәселелерді шешетін, тәуелсіз, гүлденген және қауіпсіз Орталық Азия құру мақсатын көздейтін жиын.