Қазақстанда африкалық «Жайын» балығы өсіріле бастады

  Қызылордалық Мейрамбек Қалиев тың кәсіпті қолға алды. Ол африкалық жайын балығын өсіріп, Қытайға экспорттап отыр.

 1234 Кәсіпкер жайынның тұқымын Өзбекстаннан алдырған. Мейрамбек Қалиевтың айтуынша, көрші мемлекетте тоғанды балық шаруашылығы жақсы дамыған. Мұндай жаңа кәсіппен Мейрамбек 2022 жылы айналыса бастапты. Бидайкөл ауылындағы ауласына 2500 жайын шабағын жіберген. Бизнестің бұл түріне сұраныс жоғары. Жыртқыш балық санатына келетін жайын тым тез салмақ жинайды. Күтімі мен бағуы дұрыс болса, алдағы жаз мезгілінің соңына дейін әр шабағы 3 келі болады, - дейді. Сол кезден бастап Қытайға экспортталмақ. Кәсіпкер алдағы уақытта балық шаруашылығымен айналысуға ниеті бар азаматтарға африкалық жайынның шабақтарын сатуға дайын.

  Айта кетсек, африкалық жайын балығы суыққа төзімсіз. Шабақтарды 22-28 градус аралығындағы жылы температурада ұстау қажет. Мейрамбек сәуір айында тағы 30 мың шабаққа тапсырыс беруді ниет етіп отыр. Сондай-ақ өзбекстандық әріптестермен арнайы келісімшарт негізінде уылдырық шайқау цехын іске қосу жоспарлануда. Цех жұмысы басталса, африкалық жайыннан бөлек, басқа балық түрлерін өсіру қолға алынады.