Елде міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

  Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 2023 жылғы 27 ақпанда Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары барлық жедел-тергеу бөлімшеде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекітті.

789

   Бейнебақылау жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру бағыттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды.

  Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және заңбұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды.

  Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған.

  Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады.