Қазақстанда Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді
Елімізде Мұғалімдер күні енді 5 қазанда тойланады. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды QLIFE.KZ.
Үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге қарағанда, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.