Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады

  Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады, - деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңалықтары телеграм арнасы.

istockphoto 155439315 612x612

  Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады.

  Осылайша, «Түрікменстан» әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.

  Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.