Демалыс күндері Қазақстандағы ауа райы болжамы

  Метеорологтардың айтуынша, барикалық түзілімдердің тез өзгеруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды.

  Солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауып, жел соқса, солтүстік және шығыс аймақтарда боран болады деп болжануда.

  Наурыздың 11-12-і елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады, 12-13 күні республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын болжануда. Наурыздың 12-13-і Қазақстанның оңтүстік - шығысында жаңбыр жауады. Ел бойынша тұман, солтүстікте көктайғақ күтілуде.