Әскерге барғандар ҰБТ нәтижесінсіз оқуға қабылданады

Ішкі істер министрлігі әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына өзгеріс енгізбек.

Атап айтқанда, енді Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар Ішкі істер министрлігінің әскери оқу орындарына түсе алады.

4e8e9162887186dde050c3dd89d5f912 scaled24 жасқа толмаған азаматтар мерзімді әскери қызметі аяқталған сәттен бастап ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі немесе тұрғылықты жері бойынша әскери бөлім командирінің атына өтінішпен жүгінеді. Бөлім командирі міндетті арнайы тексеру және әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес  кандидаттың алдын ала медициналық куәландырудан өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Міндетті арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азаматтар 20 шілдеге дейін қажетті құжаттарды тапсырып, түпкілікті медициналық тексерістен өтуі үшін әскери оқу орнына баруы тиіс. Әскери оқу орнына түсу үшін Отан алдындағы борышын өтегендердің ҰБТ нәтижесі есепке алынбайды. Алайда әскердегі тәртібі ескеріледі. Бұл құжаттың жалпы мемлекеттік білім беру грантына қатысы жоқ. Сарбаздардың тек, оқу орнының ішкі грантын жеңіп алуына мүмкіндігі бар.