Алматыда «Біз таза қала үшін» науқаны өтті

  Бүгін Алматыда «Денсаулық баспалдағында» «Біз таза қала үшін» науқаны басталды.

IMG 8338  Аталған шараны «Байтақ» экологиялық партиясы, қала тұрғындары, табиғат қорғау белсенділері және партия мүшелері ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – өнеркәсіптік мекемелерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға шақыру.
Акцияны ұйымдастырушылары биліктен қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды және 2025 жылға дейін барлық ЖЭО-ларды газға көшіру, экологиялық таза кәсіпорындарды дамытуды бағдарламасын негізге алуға шақырады.

  Сондай-ақ, ұйымдастырушылар азаматтарды елдегі экологиялық мәселелерге назар аударып, «Біз таза ауа үшін» акциясын басқа қалаларда да өткізуді ұсынды. «Байтақ» партиясының мүшелері Владимир Мартель және Айнур Сабитовалардың айтуынша, бұл бастама биліктің назарын аударуға және қолданыстағы заңнаманы экологиялық климатты жақсартуға бағыттауға септігін тигізеді деп санайды.
«Біз таза қала үшін» акциясы «Байтақ» экологиялық партиясының Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кезекті қадамы болды.

                              IMG 8339

 

 

Материал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсынған "Байтақ" партиясының сайлау қорынан ұсынылды