Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі осындай қаулы қабылдады.
Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келу қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленеді.
Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ін құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді, - делінген www.primeminister.kz сайтында.
ТЖМ мәліметі бойынша 2000-нан астам құтқарушы қосымша ақы алады.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.