Биыл Токиода сакура ерте гүлдеді

  Токиодағы шие гүлі маусымы ерте басталды. Соңғы рет 1953 жылы болған.

  Жапония метеорологиялық агенттігінің қызметкері алғашқы шие гүлі бүр атқанын кеше түстен кейін байқаған. Биыл гүлдену маусымы әдеттегіден 10 күнге, ал былтырға қарағанда  алты күнге ерте басталды. Агенттік оның себебін наурыз айындағы күннің ерте жыли бастағанымен байланыстырып отыр.

  Метеорологтар наурыздың 15-і сакура Токио мен Фукуокада гүлдей бастайды деп болжады. Ал оның ең әдемі гүлдену кезі наурыздың 23-іне келеді деп отыр. 

  Токиодағы Уэно паркі сияқты саябақтарда коронавирустық инфекцияға байланысты шектеулердің жойылуына байланысты шие гүлдену кезеңінде келушілер 3 жыл ішінде алғаш рет тамақ пен сусын кештерін өткізе алғанымен, Токио үкіметі ел азаматтарына мұндай жиындарды өткізуден бас тартуды ұсынды. 

sakura