Қазақстанның қызыл кітабы жаңа түрлермен толықтырылады
Елімізде тек Қазақстан аумағында ғана тіршілік ететін жануарлардың ондаған түрін кездестіруге болады.
Сирек кездесетін флора мен фауна тұрғындары популяциясының көбеймеуіне басты себеп – браконьерлік. Кейбір жануарлардың саны азайып жатыр, кейбірі жойылу алдында тұр. Қазақстанның Қызыл кітабында флора мен фауна өкілдерінің 800-ге жуық атауы бар. Тізім 10 жылда бір рет жаңартылады. Қызыл кітаптың қазіргі төртінші басылымына негізінен елік сияқты ірі сүтқоректілер, сондай-ақ соңғы уақытта Қазақстан аумағында кездескен жыртқыштар, оның ішінде жолақты гиеналар бар. Тіпті соңғы бірнеше жылда популяциясы қалпына келген ақбөкендер де Қызыл кітаптан әлі шықпады.
Қызыл кітап заңнамалық деңгейде қорғалған. Браконьерлік үшін айыппұл төленіп, тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Мысалы, қар барысы мен құлан үшін 7 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан немесе 10 миллион теңге айыппұл салынады. Ағымдағы жылдың басынан бастап 32-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Қызыл кітаптың жаңа басылымына жолбарыс, Пржевальский жылқысы, итбалық және қар барысы кіргізіледі. Қызыл кітапқа барлығы 228 жануар түрі, 44 сүтқоректілер, 57 құс түрі, 18 балық және 387 өсімдік енгізілді.