Кәсіпкерлерге 4,7 млн теңге қайтарылды
Қадағалау қызметі барысында Түркістан облысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғаны анықталды.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Түркістан өндірістік филиалы коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жоғары тариф қою арқылы заңсыз қосымша ақша тапқан.
Нәтижесінде газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 – 1,5 мөлшерде жоғары коэффициент қолданылған. Заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға қолданылады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 37 кәсіпкерге осы тариф арқылы негізсіз өндіріп алынған 4,7 млн теңге қайтарылды.