Заңнамалық актілерге қандай өзгерістер енгізілді?

  Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

president

  Ендігі уақытта сотталған әйелдер босатылуына дейін бір жыл қалып тұрған жағдайда сәбилерін колония қарамағындағы балалар үйінде қалдыра алады.

  Бұдан былай бірінші рет сотталған адамдар орташа қауіпсіздік мекемесінде, ал бұрын сотталғандар бөлек (қатаң режимді) мекемеде жазасын өтейді.

  Құжат келесі санкцияларды күшейтуді қарастырады:

  • Жаппай тәртіпсіздікке шақыру (ең аз жаза мерзімі үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы (құқық бұзушылықтың жаңа құрамы – үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру);
  • Қылмыстық топтың құрамында жасалған бұзақылық;
  • Ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм.

  Қылмыстық кодекстің 146-бабына («азаптау») құқық бұзушылықтың жаңа құрамы – «қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас» енгізіледі.