Қазақстанда жануарларды қорғау мәселелері бойынша жедел желі пайда болды
ҚР Экология министрлігі жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша жедел желіні іске қосты. Енді жануарларға қатыгездік көрсеткен жағдайлардың куәгері арнайы нөмір арқылы хабарлай алады.
Былтыр Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енді. Онда зорлық-зомбылық – бұл жануардың өліміне, мертігуіне немесе денсаулығына басқа да зиян келтірген немесе әкелуі мүмкін қасақана әрекет екендігі анықталды.
Қатыгездік деп есептелмейтін жағдайлар:
- Адамның және жануарлардың өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларда;
- дератизация;
- қамаудағы немесе жартылай ерікті жағдайда ұсталатын басқа жануарларды тамақтандыру үшін жануарларды пайдалану;
- аңшылық, балық аулау немесе балық шаруашылығын жүргізу, жабайы жануарлардың санын реттеу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, ветеринариялық іс-шаралар, эвтаназия;
- ҚР-да тіркелген діни бірлестіктердің ізбасарлары діни рәсімдерді өткізу кезінде жануарларды сою.
Жануарларға қатыгездік фактілері анықталған жағдайда +7 (777) 195-99-00 (WhatsApp) нөміріне хабарласыңыз.