Елена Рыбакина алғаш рет WTA 1000 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды

  Наурыздың 20-сына қараған түні Елена Рыбакина мен Арина Соболенконың кездесуі өтті.

Elena 

  Шешуші матчта ол әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы жеңді. Жеңіс Е. Рыбакинаға турнирдің біріншілігі мен әлемнің 7-ші ракеткасы атағын берді. Бұл 23 жастағы спортшының мансабындағы ең жоғары позициясы.

 «Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», - деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм желісіндегі парақшасында Елена Рыбакинаны құттықтады.

  Естеріңізге сала кетейік, бұл Индиан-Уэллстегі турнирі «Үлкен Дулығаның» ішіне кіретін бесінші бейресми турнир болып саналады. Осы турнирде Елена Рыбакина мансаптағы төртінші жеке титулын (2023 WTA 1000 Индиан-Уэллс, 2022 Grand Slam Wimbledon, 2020 WTA 250 Хобарт және 2019 WTA Бухарест) иеленді. Индиан-Уэллстегі жеңістің жүлде қоры - 1 262 220 доллар.