Шетелдегі сайлау комиссиялары жұмыстарын аяқтады
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды. Сайлаушылардың жалпы саны 12 132 адамды құрады. Дауыс беруге шетелдегі 8800 Қазақстан азаматы қатысты.
Сайлаушылар тізіміне 12 035 004 сайлаушы енгізілген. Ал дауыс берген сайлаушылардың саны 6 509 695 болды. Бұл азаматтардың 54,09%-ін құрайды.
Еуразиялық интеграция институтының exit-poll деректері бойынша алты саяси партия Мәжіліске өтеді.
«Сайлау-2023» бойынша Еуразиялық интеграция институты деректерімен бөлісті. Жалпы сайлаушылардың дауыс беру 53,25%-ті құрады.
Институттың мәліметінше, exit-poll нәтижелері келесідей:
"AMANAT" партиясы - 53,46%.
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық партиясы - 10,52%;
"Respublica" партиясы - 8,9%.
Қазақстан Халық партиясы - 6,25%;
"Байтақ" Жасылдар партиясы - 3,22%;
"Ақ жол" Демократиялық партиясы - 7,87%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,31%.
Еуразиялық интеграция институтының мәліметі бойынша сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтыды. Оның 124-і қалаларда, 76-сы ауылдарда. Айта кетейік, сайлаушылардың 4,47% - "барлығына қарсымын" деген нұсқаны таңдаған.