Финляндия тағы да дүниежүзілік бақыт рейтингі бойынша көш бастады. Ал Қазақстан нешінші орында?
Финляндия алты жыл қатарынан Дүниежүзілік бақыт рейтингінде (World Happiness Report) бірінші орынды иеленді. Қазақстан 137 елдің арасында 44-ші орында.
Ең бақытты елдердің алғашқы ондығына кірген елдер:
- Финляндия
- Дания
- Исландия
- Израиль
- Нидерланд
- Швеция
- Норвегия
- Швейцария
- Люксембург
- Жаңа Зеландия
Қазақстан 44-ші, Өзбекстан – 54-ші, Қырғызстан – 62-ші орынға жайғасты.
Литва – алғашқы 20 елдің ішіне кірген жалғыз жаңа ел, ол 2017 жылмен салыстырғанда 30-дан астам позицияға көтерілді. Соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан ең бақытсыз ел болып қала береді. Бұл елдерде өмірдің орташа көрсеткіші ең бақытты он елмен салыстырғанда бес ұпайға төмен (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша). 92-ші орында тұрған Украина соғыстың кесірінен бақыт пен әл-ауқат деңгейі қатты түсті.
"Соғыстың жойқын салдары барлығына айқын. Бірақ таңқаларлығы, украиндықтардың әл-ауқаты 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялаған кезбен салыстырғанда аса қатты төмендемеген. Бұл Украинадағы жолдастық сезімінің өсуіне байланысты. Адамдар бір-біріне қамқорлық жасап, көмек қолын созуының арқасында. Ресейдің шапқыншылығы украин елін біртұтас ұлтқа айналдырды", - деп Әл-ауқатты зерттеу орталығының жетекшісі, Оксфорд университетінің профессоры Жан-Эммануэль де Нев мәлімдеме жасады.
Ең бақытты елдер рейтингінде Ресей 70-ші, Өзбекстан - 54 – ші, Қырғызстан - 62-ші орынға ие болды. Әртүрлі елдердегі бақыт деңгейін бағалауды анықтау үшін World Happiness Report-ты құрайтын зерттеушілер соңғы үш жылдағы Gallup International социологиялық қауымдастығының сауалнамаларына негіздеп жасады.
"Әлемдегі адамдардың көпшілігі таңғажайып өміршеңдікті жалғастыруда: Covid-19 периоді кезіндегі 2020-2022 жылдардағы әлемдегі өмірге қанағаттанудың орташа көрсеткіштері пандемияға дейінгі жылдардағыдай жоғары", – делінген хабарламада.