Наурызда таңды қарсы алу қайта жаңғырмақ
Биыл Наурыз мерекесін «Хабар» телеарнасыерекше атап өтеді.
Көрермендергетанымдық, ойын-сауықтық «ТаңғажайыпНаурыз» мега-жобасынұсынады. Жоба 21-наурызкүнісағат19:00-де басталып, 22-наурызкүнітаңғысағат06:00-ге дейін жалғасады. Жұрт жаңа жылды әдетте желтоқсан айының 31-і күні түнгі сағат 12:00-де күтетін болса, «Хабар» телеарнасы «ТаңғажайыпНаурыз» жобасының аясында күнмен таласып келген жаңа жылды биыл таңғы 06:00-де қарсы алады.Осы күндері арнайы театрландырылған қойылым мен концерттердітамашалай аласыздар.Таңды қарсы алып, жаңа күннің келуімен халықты құттықтау Түркі жұртының рухани бесігі – Түркістандағы табиғат аясында арнайы жасақталған ауылда өтеді.Мерекелік шоу үшін безендірілген бас сахна ең озық заманауи технологиямен жабдықталған. Астанадағы басты эфирдіүш жүргізуші – Тұрсынбек Қабатов, Мөлдір Доспаева және Алмас Тоғай тізгіндейді. Ал Түркістандағы іс-шараныҚанат Әлжаппаров пен Қайрат Әділгерей жүргізеді.
Телекөпір «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісіндей қойылыммен басталады. Түйеге мінген Қанат Әлжаппаров жаңа жылды бірінші көрмекке ұмтылады. Осы сәттегі екі жүргізушінің амандасуы жарасымды әзілмен астасып, ерекше көрініске ұласады. Өнерпаздарәннен шашу шашып, мерекені күймен көмкереді. Ақшаңқан киіз үйлер тігілген аймақта қолөнер шеберлері түрлі ұлттық бұйымдарды жасаудың үлгісін көрсетеді.Мерекелік эфирге жыл үздіктері қонақ болып келеді. Жүргізушілер елдегі маңызды қоғамдық оқиғаларда жарқырай көрінген азаматтармен сұхбаттасып, әсерге толы әңгіме өрбітеді.
Наурыз – Түркі елдерінің ортақ мейрамы. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Сол себепті еліміздегі өзге этностардың Наурыз мейрамынтойлау ерекшеліктерімен танысуға да мүмкіндік болады.
Құрметті көрермен, Наурыз мерекесін «Хабар» телеарнасымен бірге қарсы алыңыздар!