Орташа зейнетақы қанша?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 549,3 млрд теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 168,7 млрд теңге. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 295 мың адамды құрайды.
«2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 992 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 089 теңге, базалық зейнетақы – 37 903 теңге» - деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілінігің баспасөз орталығы хабарлады.
Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға арналған ынтымақты жүйеде әзірленген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер енгізіледі:
- егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-ке тең болса, бұдан әрі әрбір жыл үшін 10 жылдан астам оның мөлшері 2%-ке ұлғаяды. Мысалы, қатысу өтілі 20 жыл болғанда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 80%-ті құрайды. 30 және одан да көп жыл өтілі кезінде ол ең жоғары мөлшерде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ы белгіленеді;
- егер бір айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.
«Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткенде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым көп болады» - деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілінігің баспасөз орталығы мәлімдеді.