Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Динара Сәдуақасованы қабылдады

  Астана қаласы шахмат федерациясының құрметті президенті Динара Сәдуақасова еліміз бойынша бұл ойынның танымалдылығын арттыру үшін атқаралып жатқан жұмыстар мен жоспарын баяндады.  Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

 2

  Президент  Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан  жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

  Сонымен қатар кездесу барысында мемлекет басшысы мен әйелдер арасына халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматты дамыту жөнінде пікір алмасып, Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.