EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словениядан ұтылып қалды

  Елордада Астана-Аренада өткен ойынның 24 минутында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов сол қанаттан әуелеткен допты голға айналдырды.  1-таймдағы жалғыз гол алаң иелерін үзіліске дейін жеңімпаз етті.

 3

  Бірақ екінші таймда алаң қонақтары есепті теңестірді. 47 минутта Давид Брекало гол салса, 78 минутта Зан Випотник словениялықтарды алға шығарды. Өкінішке қарай, ойынның соңына дейін алаң иелері есепті теңестіре алмады. Қазақстан құрамасы EURO -2024 іріктеуін жеңіліспен бастады. Енді қазақстандық футболшылар наурыздың 26-ы Дания құрамасын қабылдайды.

  Сондай-ақ 2 жылдық үзілістен кейін екінші таймда алаңға Бауыржан Исламхан шықты.