Мектеп оқушысы «Қара жорға» билейтін робот ойлап тапты
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Аружан Смайл билейтін робот жасап шығарды. 5-сынып оқушысы Оқушылар сарайында робототехникадан үйірмеге қатысады.
«Біздің басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарымызды техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың білімге тікелей жол ашу», - деп Оқушылар сарайының басшылары хабарлады.
Аружан Смайлдың айтуынша үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артты. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба құрғысы келді.
Айта кетейік, оқушы «Қара жорға» биін билеген ерекше роботты Наурыз мерекесінде көпшіліктің назарына таныстырды.