70 мыңға жуық шетелдік көлік заңдастырылды
70 мыңға жуық шетелден әкелінген көлік заңдастырылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Қайсар Сұлтанбаев хабарлады. Министрлік мамандары басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, көлікті заңдастыру жұмыстарын пысықтауда. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталығында және электронды сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді», - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Оның атап өтуінше, заңдастырудың негізгі критерийлерінде көлік құралының сәйкестігін алдын ала тексеру процесі толық автоматтандырылған. Қылмыстық есеп, кедендік база және басқа да ақпараттық жүйелер бар.
Заңдастырылған көліктердің ішінде 67%-і - Ресей Федерациясынан, 19 %-і Армениядан, шамамен 10%-і Қырғызстаннан, 2%-і – Грузиядан әкелінген.