«Шымбұлақ» курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

  «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді.

  Демалыс орны әлемдегі ең биік шаңғы трассасы атанып отыр. Әлемдік рекордты растайтын сертификатты Guinness World Records офисінің төрешісі Шейд Субаши-Гемиджи арнайы табыстады.

2303270714217767g

  Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу - теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

  Ал курорт басшысы Ринат Абдрахманов бұл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, 5 жыл бұрын шаңғымен түнгі сырғанау жолын ашу оның арманы болған, ал бүгінде арманы шындыққа айналды. Ол жиынға қатысушыларды арманына сенуге және алға ұмтылуға шақырды.

145  Салтанатты шараға арнайы қатысқан Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ел туризмін дамытуда Шымбұлақтың рөлі айрықша екенін жеткізді. Және инфроқұрылымды одан әрі көркейтуге күш жұмсалатынын атап өтті.   

963  Айта кетейік, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерген.

  Демалыс аймағының баспасөз өкілдері биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгергенін хабарлады.