ҚР Энергетика министрлігі: Қазақстанда жанармай саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

  Елде  бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

 258 

  ҚР Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:

  Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

  АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;

  АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;

  дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

  Жоба наурыздың 30-ына дейін қоғамдық талқылауда болмақ.