ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының тізімі жарияланды
Орталық сайлау комиссиясында наурыздың 19-ы күні өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындыларына арналған отырыс өтіп жатыр.
Орталық сайлау комиссиясы мәліметі бойынша:
Amanat партиясынан – 40 мандат;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан – 8 мандат;
Respublica партиясынан – 6 мандат;
Қазақстан халық партиясынан – 5 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясынан – 6 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 4 мандат ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 19-ы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Жедел деректер бойынша сайлаушылар тізіміне 12 035 578 адам енгізілген, соның ішінде дауыс бергендер 6 366 441 адам.