Риддердегі төтенше жағдай
Риддерде жылу беру бойынша қиындықтар әлі де бар.
Қала әкімі Дмитрий Гарьковтың айтуынша, жылыту маусымының соңына дейін кейбір қазандықтар жөндеуге тоқтатылады. Мұның себебі ЖЭО жабдықтарының нашар болуы.
«Өкінішке қарай, станцияның жаңа иелері жоқ. Олар қаржыландыру мәселесін шешуде, сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын істеуге конкурстар жариялайды. 4 қазандықта күрделі және 2 қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізу керек деп облыс әкімі осындай міндет қойып отыр», - деді қала әкімі Дмитрий Горьков.
«Әзірге заңнама бізге бұл процедураны, тіпті ТЖ аясында да жүргізуге мүмкіндік бермейді. Біз станцияны өзімізге ала алмаймыз, иелерінің ерікті түрде рұқсаты керек. Өкінішке қарай, олар ештеңе істемесе де біз станцияны басқаруды өз мойнымызға алдық. Әзірге «Риддер ЖЭО» АҚ-ны коммуналдық меншікке ауыстыру бойынша қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізілуде», - деді Риддер қаласының әкімі.
Айта кетсек, Риддер қаласында жылу электр орталығындағы кемшіліктерге байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Ол туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов наурыздың 24-і күні Instagram-парақшасында төтенше жағдай дүйсенбіден бастап енгізілетінін жазды.