Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан добы УЕФА үздік голдар қатарына қосылды

  Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы үздік голды анықтау үшін сауалнама жариялады.

  Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

  Турдың үздік голына үміттілер қатарында Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соғылған голы да бар. Қазақстан құрамасының капитаны алыстан Каспер Шмейхель қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірген болатын. Оның негізгі қарсыластары - Букайо Сака (Англия), Андрей Буркэ (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь). Футбол жанкүйерлері өз дауысын УЕФА-ның ресми сайтында бере алады.

  Айта кетейік, Қазақстан командасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен ұтқан болатын. Бұл Қазақстан құрамасының төрт жеңілістен кейінгі алғаш рет еуропалық клубқа есе қайтаруы екенін еске саламыз.

асхат