Әлихан Смайылов қайтадан премьер-министр лауазымына тағайындалды

  Президент Мәжілістің пленарлық отырысында Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады.

  Ақорданың баспасөз қызметі президенттің Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылғаны туралы жазған болатын.

kanditatura

  «Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік. Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Барщаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізігінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын», - деді Президент.

  Мәжіліс депутаттарының дауыс беру нәтижесінде Әлихан Смайылов қайтадан Үкімет басшысы болып тағайындалды. 82 депутат Смайыловтың кандидатурасын қолдаса, 7-і қарсы болған, ал 8 депутат қалыс қалды.