Ұлттық пантеонға қатысты жаңа түзетулер

  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық пантеон жөніндегі ережеге өзгерістер әзірледі.

panteon

  Пантеон астананың жергілікті атқарушы органының қарамағында, қаладан 17 шақырым жерде орналасқан.

  Пантеон аумағында:

- әкімшілік, шаруашылық және қосалқы ғимараттар;

- құлпытастар;

- саябақ және іргелес аймақтар қамтылады.

  Қайтыс болған мынадай адамдар Ұлттық пантеон аумағында жерленеді:

- Қазақстан Республикасының президенттері;

- Қазақстан Республикасының премьер-министрлері мен олардың орынбасарлары, Парламент палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер, Президент әкімшілігінің басшылары, Конституциялық сотының және Жоғарғы сотының, Ұлттық банкінің төрағалары;

- министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

- «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған тұлғалар;

- «Алтын қыран», «Отан», үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталған азаматтар;

- «Кеңес Одағының батыры», «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие болған азаматтар;

- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған азаматтар;

- ҚР Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар.

  Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.

  Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі, ондай қайтыс болған адам туралы мынадай мәліметтер қамтылады:

  • тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
  • қайтыс болғанның Пантеонға келіп түскен және мәйітті жерлеу күндері.

  Құжат Ашық НҚА сайтында 7 сәуірге дейін талқыланады.