Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін күрестегі қарсыласы ресми түрде жарияланды

  Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық боксшы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) арасындағы жекпе-жек ресми түрде жарияланды.

  29 жастағы қазақстандық боксшы мансабында екінші рет орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

  «Жәнібек Әлімханұлы мамырдың 13-і ESPN-де Стивен Батлерге қарсы күресте әлем чемпионы атағын қорғайды», - деп хабарлады компанияның Twitter-дегі ресми аккаунты.

  12 раундтық жекпе-жек 10 мыңнан астам көрерменге арналған «Стоктон-аренада» (Калифорния, АҚШ) өтеді.

alimhauly