Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

  Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

  1/2 финалда екі сағаттық матчта 23 жастағы Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы (АҚШ) американдық Джессика Пегуланы жеңді. Сонымен қатар Рыбакина жыл басынан 25 ойын өткізіп, 201 эйс жасаған. Бұл осы маусымдағы ең үздік көрсеткіш.

  Тай-брейкте қатты жаңбыр жауып, бірден үзіліс жарияланды. Әлеуметтік желіде Елена Рыбакинаның қарапайымдылығы көзге түсті. Теннис ережесі бойынша бол-бой қолшатырды теннисшілердің жанында ұстап тұруы қажет.  Жауын-шашынға қарамастан, теннис жұлдызы бол-бойдың қолшатырын өзі алып, ұстап отырды. Ал қарсыласы мұндай қызметтен бас тартпады.

  Әлеуметтік желіде шетелдік жанкүйерлер: "Мен Рыбакины сұлулығы мен үлкен талантынан басқа, кішіпейіл, қарапайым мінезі үшін қолдаймын. Ол бол-бойдың қолшатырын өзі ұстауды жөн көрді. Бұл жағдай теннисте сирек кездеседі", – деді.

  Елена Рыбакина финалдық кездесуде Чехиялық Петра Квитова мен Румыниялық Сорана Кирстя жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Рыбакина