Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін шаруаларға несие берілмек

  Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы тұрақтандырылады.

  Мұндай жаңалықпен Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлісті. Ведомство басшысы азық-түлік бағасын тежеудің үш кезеңдік жүйесі енгізілгенін айтты. Енді фермерлерге ерте пісетін көкөністерді белгілеген бағамен жеткізу үшін алдын ала аванс беріледі. Осылайша маусымаралық кезеңде баға өсімін реттеуге болады.

94d55b261c7ddc881e9ae2a6847a2427

  Министрлік дерегінше, бүгінде арзандатылған астықты сату бойынша мемлекеттік қолдау тетігі жеке пысықталды. Демек тек азық-түлік ғана емес, мал шаруашылығы өнімдерін де тұрақтандыру көзделген деген сөз.  Жаңа тәсіл бойынша өңір әкімдіктері жергілікті бюджеттен шамамен 125 млрд теңге қарастырып отыр. Оның ішінде жеңілдікпен несие беруге 99 млрд теңге және тауар өндірушілерден тікелей сатып алуға 26 млрд теңге көзделген.