Екпе алмаған балалар балабақшаға қабылданбайды

  Балаңызда екпе жоқ па? Онда балабақшаға қабылданбайды.

  Талайдан бері талқыға түскен мәселеге нүкте қойылды. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова осындай мәлімдеме жасады. Бас санитардың сөзінше, мұндай тыйымға елде қызылша дертінің асқынуы себеп.

Ziqw1YaQ

  Бір ғана наурыз айында Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталған. Әсіресе Оңтүстік астанада ахуал күрделі. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартқан.

  Айжан Есмағамбетованың айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады. Ол сөзін өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз деп түйіндеді.