Қазақстандық пианист әлемдік байқауда топ жарды
Отандық өнерпаз Бекзат Рақымов Мәскеу Халықаралық пианистер байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Додада әлемнің түкпір-түкіпірінен 200-ге жуық пианист бақ сынаған. Жүзден жүйрік атанған 25 қатысушы финалдық бәсекеге жолдама алып, жерлесіміз мыңнан тұлпар атанып отыр.
Бекзат Рақымов жарысқа жарты жылдан астам уақыт дайындалғанын айтты. Ол қазылар арасында өте танымал тұлғалар болғанын тілге тиек етті.
20 жастағы пианист «Астана-Опера», Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында жеке концертін беріп, Милан мен Мәскеудің әйгілі залдарында өнер көрсеткен.