Семейде қоғамдық көліктерге Абайдың даналық сөздері жапсырылды

  Ұлы Абайдың даналық сөзін қоғамдық көліктен де оқи аласыз.

  Семейде халықты кітап оқуға шақыратын ерекше акция басталды. Қаладағы автобустардың сыртына ақынның «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз», «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген секілді қанатты сөздері жапсырылған. Ал қоғамдық көлік ішіне шағын кітап сөресі қойылып, онда қазақтың ақын-жазушыларының туындылары, әртүрлі тақырыптағы шығармалар орналастырылған.

d09cf15caabc42c444076a518b2be047 M

  Қала тұрғындары бастаманы зор ықыласпен қабылдады. Күнделікті күйбелеңнен бір мезет алшақтау үшін жақсы бастама екенін жарыса айтып жүр. Ұйымдастырушылар да мұндай шешім халықтың білім көкжиегін арттыруға сеп болғанын атап өтті.