Шығыс Қазақстан облысында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өтуде
Былтыр Шығыс Қазақстан облысында баланың қатысуымен бірнеше көлік апаты болған еді.
Апат нәтижесінде бір бала қайтыс болды. Мұндай жағдайды болдырмау мақсатында өңірде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өтуде.
Оқу орындарындағы дәрістерден бөлек, полиция қызметкерлері кинотеатрларға барды. Олар балалармен кездесіп, жолда жүру ережелерімен таныстырды. Ал кинотеатрларда әр сеанстың алдында жолда пайда болуы мүмкін жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін көрсететін арнайы бейнероликтер көрсетілетін болады.
«Жаз мезгілі бастаймай кәмелетке толмағандар көшеде көбірек уақыт өткізген кезде мұндай іс-шаралар маңызды», - дейді аймақ полициясы. Қазіргі уақытта акцияға 150-ге жуық бала қатысты.
ШҚО жергілікті полиция қызметі басқармасының орынбасары Андрей Ларионов:
«Жалпы білім беретін оқу орындарында түрлі конкурс пен дәріс өткіземіз. Оқу орындарының жанында жаяу жүргіншілер өтетін жерде полиция қызметкелері жұмыс істейді. Біз былтырғы жағдайдың қайталанбауы үшін барлық шараны жасаймыз», -деді өз сөзінде.