Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жектен бас тартты
UFC жеңіл салмақтағы америкалық боксшы Нэйт Мэнесс UFC 288 турнирінде өнер көрсетпейтінін айтты. Ол қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен жекпе-жекке шығуы тиіс еді.
Жекпе-жектен бас тартқан америкалық боксшы Нэйт Мэнесс бұл шешіміне қатысты пікірі:
«Мен дүйсенбі күні кешке жаттығудан жарақат алдым. Мамырдың 6-сы болатын жекпе-жектен шығамын. Маман отаның қажет екенін айтты. Қазіргі уақытта UFC мамандарымен бұл мәселе талқылау үстінде».
«Бұл лагерьде мен көптеген жаңа әдістерді үйрендім. Менің жақсы жаттықтырушыларым мен жаттығудан серіктертестерім бар, жекпе-жекке дайын екенімді сезіндім. Бірақ бұл жолы бұл мүмкіндікті қолдана алмаймын. Бір есік жабылған кезде екіншісі ашылады», - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Америкалық Нэйт Мэнесс жекпе-жектен бас тартқаннан кейін қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұловтың жаңа қарсыласы белгілі болғанын Prosports.kz интернет порталы хабарлайды. Қазақстандық файтер Legalbet.kz сайтына берген сұқбатында жаңа қарсыластың табылғанын мәлімдеген еді.
«Бұрын белгіленген күнде жекпе-жек өткіземіз. Оның қарсыласы да кездесуге шыға алмайтын болған, сол үшін екеміз жекпе-жек өткіземіз. Бірақ бұл файтердің есімін қазірше айтуға болмайды», - деді боксшы.