Мемлекет басшысы Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Арнаулы өкіл Изабель Дюмон Франция Президенті Эмманюэль Макронның хатын табыс етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Изабель Дюмонға ілтипат білдіре отырып, жолдаған игі сәлемі үшін Президент Эмманюэль Макронға алғысын білдірді. Сондай-ақ Франция Қазақстанның Еуропадағы басты саяси және экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан – Францияның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ Изабель Дюмон мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.