Аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-ге ауысты

  Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм 16-0 рекордтық көрсеткішімен UFC-ге ауысты.

  Қазақстандық спортшы жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион болған Octagon лигасынан UFC-ге ауысты.

  "Азат Мақсұм өз салмағында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Octagon лигасының чемпион атағына ие. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімге келгеніне өте қуаныштымыз. Азат – Octagon лигасы жауынгерлері үшін ашылатын мүмкіндіктердің жарқын дәлелі», - деп  Octagon лигасы инстаграм парақшасында жазды.

  Келісімшартқа қол қойылғаны туралы ақпаратты менеджері Саят Әбдірахманов та растады.

3